32. AP27511319 «Ақмола облысында тұрақты сумен жабдықтау және климаттың өзгеруіне бейімделу мақсатында еріген қар суын жинайтын су қоймасының жобасын әзірлеу»(Есенжолов Бауржан Хаирденович)
ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландырудың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалары бойынша ақпарат
1) гранттық қаржыландыру 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру (іске асыру мерзімі - 36 ай)
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жоба атауы
AP27511319 «Ақмола облысында тұрақты сумен жабдықтау және климаттың өзгеруіне бейімделу мақсатында еріген қар суын жинайтын су қоймасының жобасын әзірлеу»
Жоба жетекшісі
Есенжолов Бауржан Хаирденович
Іске асыру мерзімдері
2025-2027жж.
Қаржыландыру сомасы
86 870 167 тг
Өзектілігі
Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көктем мезгілінде айтарлықтай мөлшерде еріген су жиналғанымен, бұл ресурс әлі де жеткілікті деңгейде тиімді пайдаланылмай отыр. Жыл сайын еріген судың үлкен бөлігі буланып немесе реттелмеген ағындар арқылы босқа кетеді, бұл құрғақшылық кезеңдерінде су тапшылығы мәселесін ушықтырады. Сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарының осалдығын азайту мәселесі тұр. Аталған қиындықтарды еріген су ресурсын ұтымды пайдалану арқылы шешуге болады. Ол үшін өзгермелі климат жағдайында Ақмола облысын тұрақты сумен қамтамасыз ету, құрғақшылық тәуекелдерін азайту және аймақтың теріс климаттық өзгерістерге бейімделу мүмкіндіктерін арттыру мақсатында еріген суларды жинау үшін су қоймасын салу жобасы әзірленеді. Жобаны жүзеге асыру өңірдің климаттық өзгерістерге бейімделуін жақсартуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және облыс экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді.
Мақсаты
Ғаламдық климаттың өзгеруі жағдайында Ақмола облысын тұрақты сумен жабдықтау үшін еріген қар суын жинайтын су қоймасының оптимальды географиялық орнын анықтау, оның ғылыми негізін жасау, қоршаған ортаға әсерін бағалау
Жоба нәтижелері
Web of Science базасының Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша 50-тан (елу) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда жобаның ғылыми бағыты бойынша 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жарияланады;
ҒЖБССҚК ұсынған басылымдар тізбесінің 1-ші Тізіміне немесе 2-ші Тізіміне кіретін отандық немесе шетелдік ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жарияланады.