AP26100629 Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының әлемнің тілдік бейнесіндегі көрінісі (қазақ, түрік, ағылшын тілдерімен салыстырмалы аспектіде көркем шығармалар тілінің материалы негізінде) (ф.ғ.д., профессор Б.Шалабай )
ҚР ДСМ гранттық қаржыландырудың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалары бойынша ақпарат
1) гранттық қаржыландыру 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру (іске асыру мерзімі - 36 ай)
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жоба атауы
AP26100629 Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының әлемнің тілдік бейнесіндегі көрінісі (қазақ, түрік, ағылшын тілдерімен салыстырмалы аспектіде көркем шығармалар тілінің материалы негізінде)
Жоба жетекшісі
ф.ғ.д., профессор Б.Шалабай
Іске асыру мерзімдері
2025-2027
Қаржыландыру сомасы
Өзектілігі
Қазіргі жаһандану заманындағы қоғамдық өмірімізде Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің, әдебиетінің дамуының жаңа кезеңінде әлемдік өркениет тарихында қазақ халқы мәдениетінің алар орнын айқындап, көп ұлтты еліміздің ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін арттырудың жаңа әдіснамалық негіздерін жасаудың маңызы зор. Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінде ұлттық мәдени құндылықтарымыздың озық үлгілерінің әлемдік мәдениетпен сабақтастығын анықтап, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін сараптап анықтау, сананы жаңғыртуға ең зор ықпал ететін фактор ретінде ұлттық әдебиет пен әлемдік әдебиет шығармаларын, халықтар тіліндегі басқа да мәдени құндылықтарды зерттеудің тиімді жолдарын айқындау жобаның өзектілігі болып табылады.
Мақсаты
Көркем шығармалардағы ұлттық-мәдени құндылықтардың әр ұлттың өзіндік менталитетін сипаттап, ортақ жақтарын белгілеуі жалпы адамзаттық құндылықтарды анықтауға көмектеседі. Болашаққа нық сеніммен қадам басатын интеллектуалды ұлт қалыптастырып, зерделі ұрпақ тәрбиелеу идеясы көрнекті қаламгерлердің туындыларындағы архетиптік ұлттық кодқа негізделетінін түсіндіруді мақсат еттік.
Жоба нәтижелері
1) Алынған нәтижелер ғылыми-теориялық еңбектерге аналитикалық шолуда және ғылыми мақалаларда көрініс табады:
- Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында кемінде 50 (елу) CiteScore бойынша процентилі бар Social Science Citation Index индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақалада немесе шолулар);
- ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда кемінде 4 (төрт) мақала және (немесе) шолуларда;
Мақалалардың бірі - multidisciplinary (көпсалалы немесе пәнаралық қолдану) санатпен болады.
Әр мақалада дерек көзі ретінде жоба қаржыландыруын көрсете отырып, жобаның атауы туралы ақпарат болады.
2) Жоба бойынша қазақ ұлттық құндылықтарының көркем шығармалардағы бейнеленген нұсқаларының сөздігі құрыстырып, жарыққа шығару жоспарланды (500 дана) «Ш.Уәлиханов атындағы КУ» баспасы, Көкшетау қаласы.
3) Жоба бойынша жарық көрген жарияланымдарға ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы ұлттық институтынан (https://kazpatent.kz) авторлық құқықты растайтын 1 авторлық куәлік алынады.
4) Ғылыми-техникалық, жобалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланбайды.
5) Жобаның зерттеу барысы бойынша 2025, 2026, 2027 4 халықаралық конференция материалдарында 4 мақала жарияланады; Жобаның аралық нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарындағы, әлеуметтік желілердегі басылымдарда (кем дегенде 5) ұсынылады.
Жобаның басты нәтижесі – 1 (бір) философия докторы (PhD) диссертациясын даярлау. Жоба мүшесі докторант Ахмадиярова Меруерт Сериковнаның жоба аясындағы қазақ лингвистика ғылымында және түрік, ағылшын халықтары әдебиеті бойынша ұлттық құндылықтардың көркем әдебиетте бейнеленуі тұрғысындағы ғылыми-зерттеуі докторлық диссертация ретінде дайындалады.