6B111 Қызмет көрсету саласы
Туризм нұсқаушысы
Қазақ, Орыс
15 апта
13 кредит
«Туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастыру және өткізу» КС, «Атамекен» ҚР ҰКП 06.12.2022 ж. №224 (ҰБШ/СБШ деңгейі 4-5)
Ақмола облысының туризм және демалыс индустриясы қауымдастығы
Табиғи ортада санатталмаған және санатталған туристік маршруттарды ұйымдастыру және өту кезінде туристерді дайындау, сүйемелдеу, қызмет көрсету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оқу нәтижелері:
- сапалы туристік маршрутты дайындау үшін елдің және өңірдің туристік объектілерінің номенклатурасын біледі.
- өзінің туристік өнімін әзірлеу үшін белсенді туристік саяхат бағдарламаларының оңтайлы нұсқаларын қолданады.
- сапалы турларды қалыптастыру үшін турмаршрутты жобалау принциптерін пайдаланады.
- туристік маршрутты әзірлеу дағдыларын меңгерген.
- туристік маршруттың өту аумағы туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады, туристік топтардағы қақтығыстарды басқарады; туристік жорықтарды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті практикалық дағдылар мен білімдермен жұмыс істейді.
Кәсіби құзыреттер:
- Туристік маршруттар нарығын зерттеу, туризмнің әртүрлі түрлеріне арналған туристік маршруттарды талдау және әзірлеу.
- Туристерге туристерге ыңғайлы туристік бағыттарды, туристік маршруттарды таңдауда көмек көрсету.
- Туристік жорыққа қатысушыларды жан - жақты даярлауды ұйымдастыру және туристік маршрутта туристік топты сүйемелдеу.
- Тиісті мемлекеттік органдарда туристік маршрутты тіркеу жөніндегі құжаттарды зерделеу және талдау.