2025 жылғы 6–7 қазан аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті базасында...
2025 жылғы 6–7 қазан аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті базасында Erasmus+ бағдарламасы аясындағы «Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу» (CirculEC) атты халықаралық жобасы бойынша мониторингтік сапар өтті.
Мониторингтік сапар барысында Қазақстанның төрт жоғары оқу орнының (Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті және Alikhan Bokeikhan University) командалары бакалавриат, магистратура және біліктілікті арттыру (LL) деңгейлерінде жаңа және бейімделген оқу курстары мен пәндерінің пилоттық енгізілуінің нәтижелерін ұсынды.
Талқылау барысында еуропалық жоғары оқу орындарының (FHM, UNINA, USC) және Орталық Азия университеттерінің өкілдері пилоттық пәндер мен курстарды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар мен ескертпелер берді. Атап айтқанда, айналмалы экономиканың қағидаттарын барлық білім беру бағдарламалары мен пәнаралық курстардың деңгейінде неғұрлым тығыз біріктірудің маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, тәжірибеге бағытталған компонентті дамытуға, бизнес және өнеркәсіп өкілдерімен өзара іс-қимылды күшейтуге, сондай-ақ білім алушыларды айналмалы экономика мен тұрақты даму саласындағы нақты міндеттерге байланысты жобалық және зерттеу қызметіне тартуға ерекше назар аудару ұсынылды.