Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында EU ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 «Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу (CirculEC)» халықаралық жобасы аясында 2025 жылдың 17 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін «Қала экологиясы» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.

Лекциялар мен практикалық сабақтарды биология ғылымдарының кандидаты Какабаев Ануарбек Аязбаевич жүргізеді.

Бағдарлама қалалардың экологиялық тұрақтылығы, табиғи ресурстарды басқару, қалалық ортаға циклдік экономика принциптерін енгізу саласында білім мен дағдыларды дамытуға, сондай-ақ қалалық аймақтардың экологиялық жағдайын бағалау және жақсарту бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар заманауи экологиялық мониторинг әдістерімен, қалалық экожүйелерді талдау және қалалық орта үшін тұрақты шешімдер жобалау тәсілдерімен таныстырды.