ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 «Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары...
ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 «Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу (CirculEC)» жобасы аясында оқу модульдерін пилоттық сынақтан өткізу жүргізілуде.
«Экология» мамандығының студенттері үшін «Қалалық аумақтар экологиясы» пәні бойынша «Қалалардағы су тұтыну мәселелері. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау» тақырыбында дәрістер өткізілуде.
Жобаның негізгі мақсаты — тұйық циклді экономикаға көшуді қолдау, Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) және European Green Deal бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу.