«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ 2025 жылдың 14 қарашасында ҚР ПҒА-ның академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жахина Бәрия Бадыққызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі филологиялық білім беру кеңістігіндегі интеграциялық үдеріс: педагогикалық трендтер мен полипарадигматикалық ұстанымдар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция өткізеді. Рухани сабақтастықты қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында конференцияға қатысу үшін шетелдік, отандық филолог-ғалымдар, әдіскерлер, докторанттар, магистранттар, ізденушілер, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері шақырылады.