2025 жылдың 08 желтоқсанында Ш. Уәлиханов атындағы университетінің Жоғары медицина мектебінде 42 шетелдік 1-курс студенттеріне (МедА-251, -252, -253 топтары) арналған ұйымдастыру жиналысы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — жаңа студенттердің университет өміріне тиімді бейімделуін қамтамасыз ету және оларды оқу процесі мен Қазақстан Республикасында болу тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құжаттармен толық таныстыру болды.
Кездесу барысында келесі мәселелер егжей-тегжейлі түсіндіріліп, талқыланды:
Университеттің Ішкі тәртіп ережелері.
Академиялық адалдық саясаты.
Корпоративтік дресс-код талаптары.
Бейімделу кезеңінің ерекшеліктері.
Жиналыс шетелдік бірінші курс студенттерінің ЖОО-ның білім беру ортасына интеграциялануында маңызды қадам болды.