14–15 ақпан күндері Қостанай қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында дәстүрлі «BAITURSYNULY CUP–XX»...
14–15 ақпан күндері Қостанай қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында дәстүрлі «BAITURSYNULY CUP–XX» республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Биыл 20 жылдық белесін еңсерген беделді дода еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 32 команданың басын қосып, нағыз зияткерлік бәсекеге айналды.
Осы ауқымды додада университетіміздің «Зияткер» пікірсайыс клубы тарихи нәтижеге қол жеткізді.
- Негізгі алаң чемпионы (32 команданың ішінен І орын):Тайлаков Жандос – Жоғары медицина мектебіЖанглисова Ақбота – Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
- Сонымен қатар, Тайлаков Жандос LD (Lincoln-Douglas) форматында турнирдің «Үздік спикері» атағына ие болды.
- Негізгі алаң финалисттері:
Сапар Абдырасул
Ашрапи Мерей
Финалдық кезеңге дейін сүрінбей жетіп, жоғары деңгейдегі аналитика мен аргументация үлгісін көрсеткен бұл команда турнирдің ең мықты құрамдарының бірі екенін дәлелдеді.
- Жастар алаңы финалисттері:
1 курс студенттері Көмек Айдын
Бекмырза Ұлбала
Жас буын өкілдері де тартысты ойын өрнегін көрсетіп, болашақ чемпиондардың қалыптасып келе жатқанын айқын аңғартты.
Айта кетерлігі, университетіміздің «Зияткер» клубының 6 фракциясы да іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, командалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.
Жеңіс — жүйелі еңбектің нәтижесі. Барша жеңімпаздар мен финалисттерді құттықтаймыз!