2025 жылдың 15 желтоқсанында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Жоғары медицина мектебінің клиникалық пәндер кафедрасында «Медициналық этика: дәрігер, пациент, қоғам» студенттік үйірмесінің тақырыптық жоспары аясында оқытушы Светлана Карабалинқызы Хасенова «Эмпатия және кәсіби жану: адамгершілікті қалай сақтау керек» тақырыбында сабақ өткізді. Талқылауға МедР232 тобының 3-курс студенттері белсенді қатысты (қамтылған студенттер саны – 8 адам).

Сабақ барысында оқытушы медицина қызметкерінің кәсіби қызметіндегі эмпатияның маңызын, кәсіби жану синдромының себептері мен салдарларын, сондай-ақ оның алдын алу жолдарын түсіндірді. Пікірталас кезінде студенттер эмпатия қабілеті, эмоционалды тұрақтылық және гуманистік құндылықтарды сақтау дәрігер мен пациенттің өзара әрекеттесуінде және медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.Эмпатия принциптері, эмоционалды өзін-өзі реттеу, кәсіби шекараларды сақтау және жеке психологиялық денсаулыққа күтім жасау болашақ дәрігерлердің адамгершілік-этикалық қасиеттерін қалыптастырудың және олардың сәтті кәсіби қызметінің негізі болып табылады.