2025 жылғы 18–19 қыркүйек ғылыми жұмыстар және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі Проректор Жақыпова Айгүл Досжановна және халықаралық бөлімнің жетекшісі Рахымжанов Еркеш Ақанұлы IAUTA өкілдерімен бірге Алматы қаласындағы Satbayev University және Abai University Күміс университеттеріне іссапармен барды.
Айгүл Досжановна Ualikhanov University Күміс университет жобасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті, жобаның осы уақыт аралығындағы жетістіктері, жаңа курстар және «Lifelong Learning» концепциясы аясында жүзеге асырылатын басқа да жобалар туралы баяндады.
Бұл кездесу үздік тәжірибелермен алмасуға және барлық ұрпаққа білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған құнды бастама болды. Университеттер тәжірибе алмасуды әрі қарай жалғастыруға келісім жасады.