Ағымдағы жыл 18-19 қыркүйек күндері Барлық корпустардың жаттақханалырнда студенттерімен университет психологтары А.Манапова , А.Абитаева және Альбеков Т.Б. бейімделу тренингін өткізді.
Бұл тренинг жаңа студенттердің ұжымға тезірек бейімделуіне, институт мәдениетін және оқу үдерісінің ерекшеліктерін түсінуіне көмектеседі. Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен танысты, оқу барысына қатысты сұрақтарға жауап алды, құрдастарымен тиімді қарымқатынас дағдыларын дамыта түсті. «Бейімделу. Бірінші курс студентіне психологтан кеңес» жадынамалары таратылды.
Мұндай тренинг ересек өмірге қадам басу кезеңіндегі стрессті азайтады, мотивацияны арттырады және оқу үдерісіне жылдам араласуға ықпал етеді.