2025 жылғы 18 қазанда Жоғары медицина мектебінің 5 курс студенттері (ОМК211–212 топтары) 25 адам көлемінде Көкшетау қаласындағы «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығына барды.
Сапардың мақсаты — болашақ медицина қызметкерлерін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың проблемаларымен таныстыру, сондай-ақ студенттердің дәрігерлік эмпатия және ізгілік дағдыларын дамыту.
«Абзал Жан» студенттік үйірмесі «Достық пен қамқорлық әлемі» тақырыбын ұсынып, «Бірге дос болайық» атты сабақ өткізді. Осы сабақ барысында үйірме мүшелері орталық тәрбиеленушілеріне ойыншықтармен бөлісудің, бір-біріне көмектесудің және мейірімді болудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, балалар үшін ән байқауы, көңілді старттар, өлең оқу, ойын сабақтары мен сурет салу ұйымдастырылды.
«Абзал Жан» үйірмесінің негізгі міндеті — медицина мамандықтарының студенттерінде жанашырлық, әлеуметтік жауапкершілік және кәсіби жетілуді қалыптастыру. Біздің студенттер алға қойылған міндетті сәтті орындады.
Бұл сапар соңғы емес: алда жаңа кездесулер, игі істер және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға қолдау көрсетуге деген ықылас бар.