2025ж. 24 қыркүйек күні сағат 15:00-де Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің мәжіліс залында «Жастар Рухы» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы, «Думан» педагогикалық жасағы және «Феникс» еріктілер орталығының қызметі таныстырылды.
Іс-шараға Жоғары медицина мектебінің 1-2 курс студенттерінен құралған 47 ерікті қатысты.
Әр орталықтың спикерлері еріктілер жұмысының бағыттары туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті және жаңа студенттерді дамуға және қоғамдық өмірге атсалысуға шақырды.