2025 жылдың 9 желтоқсанында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Жоғары медицина мектебінің студенттері (20 адам) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Ақмола облысы ІББ «АЖЖО» КММ ұйымдастырған іс-шара Әдебиет және өнер мұражайында «Тәуелсіздік және рухани келісім: қазақстандық бірлік моделі» тақырыбында өтті.
Спикерлер ретінде қатысқандар:

Лян Ольга Мироновна – Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Чинсон» корей этномәдени орталығының басшысы

.Оразбаева Гүлнар Какеновна – «Зерделі ұрпақ» ҚБ төрайымы.
Қатысушылар Тәуелсіздіктің отандық этносаралық және конфессияаралық келісім моделін қалыптастырудағы маңызын талқылады. Спикерлер толеранттылық пен өзара құрметтің қазақстандық моделі тұрақтылықтың негізгі факторы екенін және жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің, өзара түсіністік пен бейбітшілік құндылығының маңыздылығын атап өтті.