Наурызнама онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аталып өтуде. Бұл күн – халқымыздың бай мәдени мұрасы мен ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеуге арналған.

Ұлттық құндылықтар – ұлттың рухани негізі, өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа жол көрсететін асыл мұра. Осындай тағылымы мол бастамалар жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырады.

Баршаңызды мәдениетіміз бен дәстүрімізді қадірлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге шақырамыз!