2025 жылғы 22 тамызда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры Айгүл Құрманбаева елдің жоғары оқу орындарындағы 48 ИКТ-академияның өкілдері бас қосқан Huawei саммитіне қатысты.
Саммит барысында келесі негізгі бағыттар талқыланды:
- білім беру әдістемесін жетілдіру және ИКТ саласындағы таланттарды дамыту;
- оқу бағдарламаларын индустрия сұраныстарына бейімдеу;
- Huawei ICT Competition халықаралық байқауына студенттерді дайындау.
Саммитте келесі спикерлер баяндама жасады:
- Арман Ашкин, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым қорының төрағасы (AI-Sana ұлттық бағдарламасы);
- Екатерина Пушкарева, ЮНЕСКО IITE бағдарламасының маманы;
- Тамара Тавсултанова, Huawei компаниясының ИКТ-білім беру саласындағы әріптестікті дамыту департаментінің атқарушы менеджері;
- Жазира Қамашбек, Huawei компаниясының талант экожүйесін дамыту жөніндегі менеджері;
- Әділет Мұхамбетәлиев, Huawei шешімдер жөніндегі менеджері.
Сондай-ақ, университеттердің және түрлі байқаулардың жеңімпаз атанған студенттердің табысты кейстері ұсынылды.
Huawei Instructor Summit 2025 — Қазақстанда ИКТ саласындағы цифрлық таланттарды дамыту мен білім беру бастамаларын нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болды.