Студенттер арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу, құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында Ш.Уәлиханов ат. КУ психологтары А.Абитаева, А.Манапова 2026ж. 22-23 қантар кезеңінде профилактикалық іс-шаралар өткізіді.

Іс-шаралар аясында:

- құмар ойындарға тартылудың тәуекелдері мен салдары туралы дәрістер өткізілді;

- ойын қарыздары мен психологиялық қысымға қатысты нақты кейстер талқыланды;

- ойынға тәуелділіктің қалыптасу механизмдері мен оның алдын алу жолдары қаралды;

- қаржылық және жеке шекараларды сақтау бойынша ұсынымдар берілді;

- заңсыз құмар ойындарға қатысудың салдары түсіндірілді.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құмар ойындарға саналы қатынасын қалыптастыру, тәуелділіктің алдын алу және жеке жауапкершілікті арттыру.