30 қыркүйек күні «Достар» мәдениет үйінде көптен күткен, жарқын да әсерлі оқиға — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Мисс Көкшетау – 2025» сұлулық байқауының 25 жылдық мерейтойлық кезеңі өтті.Бұл — сұлулық пен таланттың, шабыт пен сенімнің нағыз мерекесі болды!
Сахна төрінде 10 ару бақ сынады, олардың сегізі Ш.Уәлиханов атындағы университеттің студенттері, қатаң іріктеу кезеңінен өткен.
Нәтижесінде 7 қатысушы Вице-Мисс атағын иеленіп, университет беделін асқақтатты.
Әрбір қатысушы өз даралығымен, сымбаттылығымен және туған қаласына деген сүйіспеншілігімен көрермен жүрегін жаулады.
Бекер емес, «Көкшетаудың ең көрікті, талантты әрі өзіне сенімді арулары дәл Шоқан Уәлиханов атындағы университетте оқиды» дейді!
Қазылар алқасының шешімі бойынша, «Мисс Көкшетау – 2025» атағы мен көптен күткен тәждің иегері атанды —Ибраева Алина Маратовна,Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің«Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын, неміс/қытай)» мамандығының 1 курс студенті.
Алинаның өзіне деген сенімділігі, таланты мен шынайы күлкісі Көкшетаудың заманауи, белсенді және шабыт беретін жастарының айқын бейнесіне айналды!