Студенттерді наркоманиядан қорғау және есірткі заттарын заңсыз айналымға тартылудың алдын алу мақсатында Ш.Уәлиханов ат. КУ психологтар А.Абитаева, А.Манапова 2026ж. 22-23 қантарда кезеңінде кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізіді.

Іс-шаралар аясында:

- есірткі заттарының зияны, денсаулыққа және әлеуметтік өмірге қауіптері туралы дәрістер ұйымдастырылды;

- есірткі пайдалану және таратуға тартылуға байланысты нақты кейстер қаралды;

- есірткі заттарын заңсыз таратуға қатысудың құқықтық салдары түсіндірілді;

- кәсіби психологиялық көмекке жүгіну бойынша ұсынымдар берілді;

- жеке шекараны қорғау және бас тарту дағдылары дамытылды.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың есірткі пайдалану мен заңсыз әрекеттерге тартылуға қарсы саналы ұстанымын қалыптастыру, тәуекелдерден сақтандыру және қауіпсіздік деңгейін арттыру.