Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ММ ағымдағы жылдың 25–27 қараша аралығында дарынды...
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ММ ағымдағы жылдың 25–27 қараша аралығында дарынды жастарға арналған «Облыстық дарынды жастар-2025» фестивалін өткізді.Бұл фестиваль жыл сайын өңіріміздің дарынды өнерпаздары жиналып, өзара бақ сынайтын үлкен алаң болып табылады.
«Тапқырлар алаңы – 2025» зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша32 команданың ішінен:
3-орынды және 100 000 теңгелік сертификатты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Space» командасы,
1-орынды және 200 000 теңгелік сертификатты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Мейірім» командасы жеңіп алды.Фестиваль қорытындысы бойынша «Ең үздік Cover-нұсқа» номинациясында
3-орынды және 70 000 теңгелік сертификатты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Shynga Band» тобы иеленді.Студенттерді лайықты жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!