ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық байқауының («НИРС – 2025») екінші кезеңі аясында түрлі білім беру бағдарламалары бойынша нәтижелер жарияланды. Университет студенттері жоғары дайындық пен ғылыми белсенділіктерін көрсетіп, 13 жүлделі орынға ие болды: І дәрежелі – 1 диплом, ІІ дәрежелі – 2 диплом, ІІІ дәрежелі – 10 диплом.
6В01705 «Орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тілі орыс емес мектептерде)» секциясында (базалық университет – Абай атындағы ҚазҰПУ, 5 жұмыс) Нұғуманова Алина Талаповна «Монотілді және қостілді мектеп жасындағы балалардың баяндау қабілеттерін дамыту құралы ретінде тілдік жағдаяттар әдісін зерттеу» тақырыбындағы зерттеуімен І дәрежелі дипломға ие болды (ғылыми жетекші – Жақыпова Айгүл Досжанқызы).
В08102 «Топырақтану және агрохимия» секциясында (базалық университет – А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, 8 жұмыс) – Елеусізова Аружан Сайранбекқызы Ақмола облысының қыратты-жазықтық аймағындағы деградацияға ұшыраған топырақтардың физикалық және биологиялық қасиеттеріне таңдалған дәнді-бұршақты шөп қоспаларының әсері» тақырыбындағы еңбегі үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші – Байдалина Салтанат Есетовна).
6В03101 «Психология» бағыты бойынша (базалық университет – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, 36 жұмыс) ІІ дәрежелі дипломды Бульдяев Иван Павлович «Отбасындағы балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері» тақырыбындағы жұмысы үшін иеленді (ғылыми жетекшілері – Доскенова Динара Айтбайқызы және Лепешев Дмитрий Владимирович).
6В01702/6В01718 «Орыс тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша (базалық университет – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, 12 ЖОО-дан 24 жұмыс) ІІІ дәрежелі дипломмен екі қатысушы марапатталды. Попова Диана Владимировна – «Қазақстандар білім беру контексінде 6–9 жас аралығындағы билингв және монолингв оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы зерттеуімен (жетекші – Жақыпова Айгүл Досжанқызы), және Хұдайберген Асылбек Жолдасбайұлы – «Қазақ театрларының қалыптасуы мен дамуына орыс классикалық театры дәстүрлерінің әсері» тақырыбындағы еңбегімен (жетекші – Асенова Айтжан Бекбулатқызы).
В079 «Орман ресурстары» бағыты бойынша (базалық университет – Шәкәрім университеті, 6 ЖОО-дан 11 жұмыс) ІІІ дәрежелі диплом Пазылова Жұлдыз Ғабитқызына берілді – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының студенті, жұмысы: «Қызылорда облысының “Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” ГАЖ технологияларын қолдану ұсынысы» (жетекші – Сыздыкова Гүлсім Ташкенқызы).
«Туризм» секциясы бойынша (базалық университет – Қазақ спорт және туризм академиясы, 14 ЖОО-дан 26 жұмыс) ІІІ дәрежелі диплом Амангелдиева Мадина Ермекқызына «Ақмола облысы (Көкшетау–Макинск) бойынша І күрделілік санатындағы жаяу маршрутты әзірлеу» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді (жетекші – Сейтіков Асқар Таймысұлы).
6В01503 «Физика» бағыты бойынша (базалық университет – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, 9 ЖОО-дан 22 жұмыс) ІІІ дәрежелі дипломмен Қалишева Аяжан Серікбайқызы «Нанотехнологиялар арқылы функционалдық қасиеттерді қалыптастыру» тақырыбындағы зерттеуі үшін марапатталды (жетекші – Шуюшбаева Нұргүл Найзабекқызы).
6В01101 «Педагогика және психология» секциясы бойынша (базалық университет – Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, 32 жұмыс) ІІІ дәрежелі диплом Кебек Аделе Бегайдарқызына «Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқыту арқылы кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру» атты еңбегі үшін берілді (жетекші – Қошанова Мараш Төлегенқызы).
6В02304 «Қазақ филологиясы» бағыты бойынша (базалық университет – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, 10 жұмыс) ІІІ дәрежелі диплом Маханова Сәулеге «“Жанқожа батыр” жырының көркемдік ерекшелігі» атты зерттеуі үшін берілді (жетекші – Тлеубердина Гүлден Тоқатқызы).
6В01506 «География» бағыты бойынша (базалық университет – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 16 жұмыс) ІІІ дәрежелі диплом Жамкенов Ұзақ Есілбайұлына «Микроклиматтың өзгеруінің Қопа көліне әсерін бағалау» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді (жетекші – Есенжолов Бауыржан Хайырденұлы).
«Жалпы медицина» секциясында (базалық университет – Астана медицина университеті, 35 жұмыс) ІІІ дәрежелі диплом Шишкин Иван Юрьевичке «Қазақстандағы қуықасты безі қатерлі ісігінің өңірлік болжамдаушы факторлары» тақырыбындағы зерттеуі үшін берілді (жетекші – Ігісін Нұрбек Сағынбекұлы).
7М01101 «Педагогика және психология» магистратура бағыты бойынша (базалық университет – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, 12 жұмыс) ІІІ дәрежелі диплом Егінбаева Ажар Кеңесқызына «Болашақ әскери мамандардың күйзеліске төзімділігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбындағы зерттеуі үшін берілді (жетекшілері – Навий Лиза Нәбиқызы, Оразбаева Күлдархан Оңалбекқызы).
Барлық жеңімпаздарды және ғылыми жетекшілерді лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Студенттік ғылымды дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз және алдағы ғылыми ізденістеріңізге табыс тілейміз!