2025 жылғы 20 - 22 қыркүйек аралығында Ualikhanov University өкілдері - ғылыми жұмыстар және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі Проректор Жақыпова Айгүл Досжанқызы және халықаралық бөлім басшысы Рахымжанов Еркеш Ақанұлы IAUTA өкілдерімен бірге Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Ualikhanov University Самарқанд қаласындағы «Жібек Жолы» Халықаралық туризм және мәдени мұра университеті мен Ташкент қаласындағы Ташкент мемлекеттік ауылшаруашылық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар туризм және ауылшаруашылық саласында серіктестікті дамытуға және «Күміс университет» жобасы бойынша тәжірибе алмасуға келісім жасады.
Бұл ынтымақтастық академиялық алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және үздіксіз білім беруді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.