2025 жылғы 29 қыркүйектен 3 қазанға дейін Ualikhanov University-де «AI Week» апталығы өтеді, оның аясында жасанды интеллектіні қолдануды кеңейтуге және «AI Sana» бағдарламасын ілгерілетуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған
Бүгін Ualikhanov University Педагогикалық институты мен Жоғары медицина мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін жасанды интеллект бойынша семинар өтті. Семинардың негізгі тақырыбы – оқытушының мүмкіндіктерін кеңейтіп, білім беру сапасын арттыратын құрал ретінде жасанды интеллектіні пайдалану болды.Жасанды интеллектіні медицинада қолдануға ерекше назар аударылды, себебі бұл технологиялар мамандардың жұмысындағы дәлдік пен тиімділікті арттыруға көмектеседі. Спикерлер – Цифрландыру бөлімінің аға бағдарламашылары Альмусаев Олжас пен Ауесханов Алихан – Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымда жасанды интеллектінің дамуы мен цифрландыру үрдістері туралы өзекті ақпаратпен бөлісіп, сондай-ақ Ualikhanov University-де жасанды интеллектіні енгізу тәжірибесін таныстырды.Семинар бағдарламасы аясында практикалық кейстер талқыланды, бейнематериалдар көрсетілді және университеттің оқу процесінде қолдануға болатын чат-боттармен жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы айтылды. Кездесу барысында 2025–2026 жылдары Ualikhanov University-де жасанды интеллект шешімдерін дамыту мен енгізудің алдағы жоспарлары талқыланды.