Бүгін, 2025 жылдың 30 қазанында, Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы Инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі Қамқоршылық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа кеңес төрағасы М. У. Ибраев жетекшілік етті.«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ атынан «Инклюзивті білім беру және нейроалуандылық» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі Лепешев Д. В. қатысты.Кездесу барысында қатысушылар 2025 жылдың 14–17 қазаны аралығында Алматы қаласында өткен Инклюзия жөніндегі Дүниежүзілік Конгрестегі қатысу тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ Ақмола облысының аудандарынан келген әріптестердің инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша баяндамалары тыңдалды.