2025 жылғы 31 қазан күні «Инклюзивті білім беру және нейроәртүрлілік» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының серіктестерімен кездесті. Кездесу барысында Ақмола облысында инклюзивті білім беру ортасын енгізу және кеңейту бойынша өзара іс-қимыл мен ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайындық мәселелері талқыланып, конструктивті диалог өтті. Тараптар өзара ынтымақтастық пен қолдау көрсету туралы келісімге келді. Болашақта нәтижелі серіктестікке сенім білдіреміз.