Бүгін Ualikhanov University ұжымы мен профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауын бірге тыңдап, талқылады.
Мемлекет басшысы еліміздің дамуындағы басым бағыттарды атап өтті: цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу, аграрлық ғылымды жаңғырту, су ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ көлік, логистика және туризмді дамыту.
Ualikhanov University стратегиялық бағытты толық қолдай отырып, мамандар даярлау, жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу, ғылыми жобалар мен стартаптарды дамыту бойынша жұмысын жалғастырады.
Университет AI-Sana республикалық жобасына белсенді қатысып, жасанды интеллект саласында мамандар даярлауда. Сондай-ақ білім беру процесінің цифрландыруы белсенді жүргізілуде. «Coursera – қазақ тілінде» жобасы аясында қазіргі таңда 5 000 студент Coursera платформасында әлемнің 13 000-нан астам білім беру курстарына қол жеткізіп оқыды.
Ualikhanov University академиялық және ұйымдастырушылық процестерді цифрландыру бойынша жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып, цифрлық мемлекеттің қалыптасуына өз үлесін қосып келеді.