Бүгін Ualikhanov University-де студенттерге арналған дропперліктің алдын алу, кибер және қаржылық алаяқтықтан қорғану тақырыбына білім беру семинары өтті. Семинар АО «Bereke Bank», Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясының бастамасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Спикерлер ретінде Ақмола облысы полиция депаратментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Назарова Бекзат Агыиковна және Bereke Bank АҚ өкілі Астафьева Эвелина сөз сөйледі.
Семинар барысында студенттерге алаяқтардың ең көп таралған айла-тәсілдері- «банк» немесе «полиция» атынан келетін жалған қоңыраулар, «жеңіл табыс» уәделері, әлеуметтік желілердегі қауіптер, банкомат пен фишингке қатысты жасырын қауіптер туралы айтылды. Ерекше назар дропперлік мәселесіне аударылды, өйткені ол «оңай табыс» болып көрінгенімен, ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.