Ш.Уәлиханов университетінде бүгін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті ақын, аудармашы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірованың 65 жылдығына арналған «Жанымда алау жыр тұнып» атты еске алу әдеби кеші өтті
Ш.Уәлиханов университетінде бүгін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті ақын, аудармашы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірованың 65 жылдығына арналған «Жанымда алау жыр тұнып» атты еске алу әдеби кеші өтті.
Іс-шараны университет ректоры Сырлыбаев М.Қ ашты.
Кеш қонақтары ретінде: PhD, қауымдастырылған профессор Ерболат Баят; ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сәбит Жәмбек; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Ресей Жазушылар одағының «Василий Шукшин» Алтын медалінің иегері, ақын, жазушы Есенгелді Сүйінов шақырылды.
Кеште «Әйел мұңы», «Ақ қайың», «Қас-қағым», «Бурабай»,«Жүрегім көтерер ме күн ыстығын?», «Жүрек жасы» атты өлеңдері оқылып, көрермеңдердің жүректерін бір тербеп алды.