2026 жылғы 13 ақпанында Күміс университеті тыңдаушылары үшін Дұрыс тамақтану клубы аясында нутрициология және 55 жастан асқан адамдарға арналған тамақтану ерекшеліктері бойынша онлайн-дәріс өтті. Дәрісті Рудный қаласынан маман Екатерина Комарова жүргізді.Кездесу барысында теңгерімді тамақтану қағидаттары, дәрумендер мен микроэлементтер тапшылығының алдын алу, сондай-ақ егде жаста денсаулықты сақтау мәселелері қарастырылды. Дәріс ашық диалог форматында өтіп, тыңдаушылар белсенді сұрақтар қойып, энергия теңгерімін сақтау мен денсаулықты нығайтуға бағытталған практикалық ұсынымдар алды.Іс-шара Күміс университетінің салалық сарапшылармен ынтымақтастығын дамытуға және аға буын азаматтары үшін білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жұмысының кезекті қадамы болды.Екатерина Комароваға кәсібилігі мен ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғыс білдіреміз.