Ualikhanov University Күміс университетінің тыңдаушылары Қазақстан азаматтарына қолжетімді электрондық ресурстарды белсенді пайдалана бастауда. Барлық көлік түрлеріне, театр мен киноға билеттерді онлайн сатып алу, мемлекеттік қызметтер порталы, e-gov арқылы қызметтерді пайдалану, интернет-банкинг және мемлекеттік органдардың порталдары арқылы азаматтық өтініштер жолдау – аға буын үшін әдеттегі жағдайға айналды. Сонымен қатар, алаяқтардың алдындағы қорқыныш сезімі бұл қалыпты жағдай.
2025 жылдың 5 қарашасында, тыңдаушылар үшін «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Спикер ретінде университеттің Ақпараттық қауіпсіздік офицері Александр Павлов сөз сөйледі.
Іс-шара барысында негізгі алаяқтық түрлерді, жеке ақпарат пен қаржылық жинақтарды қорғау тәсілдері талқыланды. Алаяқтардың құрбаны болған жағдайда әрекет ету алгоритмі үйретілді. Тыңдаушылар банк қосымшалары мен WhatsApp-пен қауіпсіз жұмыс істеу жөнінде жазбаша нұсқаулықтарды алды.
Шеберлік сыныпты тыңдаушылардың жеке гаджеттерінде бірнеше мобильдік қосымшалардың баптауларын іс жүзінде орындаумен аяқталды.
А. Павловтың жоғары кәсіби деңгейі мен шеберлік сыныбына мұқият дайындалуы тыңдаушыларға күнделікті өмірде түрлі техникалық құралдарды пайдалану кезінде деректерін қорғау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берді.
Тыңдаушылар өзекті ақпарат ұсынғаны үшін іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, келесі кездесуді асыға күтеді.