31 қазан мен 3 қараша аралығында Ташкент қаласында Central Asian University алаңында Азия мен Еуропаның 46 университетін біріктірген «Medicine of the Future 2025» халықаралық медициналық олимпиадасы өтті.
Ualikhanov University Жоғары медицина мектебінің студенттер командасы университет намысын абыроймен қорғап, барлық кезеңнен сәтті өтіп, жалпы рейтинг бойынша 28-орынды иеленді. Ең қуаныштысы – команда клиникалық кейстер бойынша ТОП-10 үздіктер қатарына кірді!
Олимпиаданың мақсаты – болашақ дәрігерлердің кәсіби құзыреттерін дамыту, заманауи білім мен тәжірибе алмасу және әлемнің жетекші медициналық жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту болды.
Біз студенттеріміздің жоғары білім деңгейін, тәжірибелік дағдыларын және күрделі клиникалық жағдайларда шешім қабылдау қабілетін мақтан етеміз. Бұл тағы да Ualikhanov University Жоғары медицина мектебі денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды даярлап отырғанын дәлелдейді.
Командамыздың жоғары нәтижелері заманауи симуляциялық жабдықтарда ерте тәжірибелік дайындықты енгізудің арқасында мүмкін болды.
Студенттеріміз виртуалды 3D-пациент Academix3D,
аппараттық-бағдарламалық VR-комплекс AcademiX,
көпфункционалды компьютерлендірілген робот-симуляторлар секілді заманауи симуляциялық құрылғыларда тәжірибе жинақтайды.
Қазіргі заманғы симуляциялық оқыту технологияларының арқасында біздің студенттер клиникалық ойлау мен практикалық дағдыларды халықаралық стандарттарға сәйкес сенімді меңгеруде.
Айта кету керек, Жоғары медицина мектебінде оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бакалавриат, магистратура және резидентураның аккредиттелген бағдарламалары аясында жүргізіледі.