Ualikhanov University және Hong Kong Metropolitan University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Ualikhanov University Гонконг Метрополитен университетімен (HKMU) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойғанын қуана хабарлайды. Бұл келісім білім беру саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және академиялық алмасуды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады
- Ынтымақтастық аясында тараптар білім беру бағдарламаларын кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және халықаралық өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған бірқатар жобаларды дамытуға келісті.
- Университеттер онлайн-сессиялар өткізіп, Күміс университеті бағдарламасы аясында бірлескен курс әзірлейді. Бұл Күміс университеті студенттеріне жаңа оқу мүмкіндіктерін ұсынып, сонымен қатар өзара кәсіби байланыстарды дамытуға жол ашады.
- Сонымен қатар «Туризм және қонақжайлылық» мамандығы бойынша студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл студенттерге халықаралық тәжірибе жинақтап, Гонконгтың туризм индустриясымен танысуға мүмкіндік береді.
- Меморандумға қол қою екі университеттің халықаралық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.