Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына жасаған ресми сапары аясында Ualikhanov University ректоры Марат Сырлыбаев және интернационалдандыру жөніндегі проректор Жайлагүл Сағындықова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің делегациясы құрамында Пәкістанның жетекші университеттерімен бірқатар кездесулер өткізді. Келіссөздер нәтижесінде Ualikhanov University ректоры Марат Сырлыбаев Заманауи тілдер ұлттық университетімен (National University of Modern Languages – NUML) ынтымақтастық меморандумын қол қойды.
NUML – тіл білімі мен халықаралық зерттеулер саласында Пәкістандағы жетекші университеттердің бірі. Университет QS әлемдік рейтингінде 1400+ орында, ал заманауи тілдер бағыты бойынша QS Subject рейтингінде 201–250 аралығында орналасқан.
Меморандум аясында тараптар академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүйелі түрде дамытуға, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам алмасуын кеңейтуге, сондай-ақ тіл білімі, халықаралық ынтымақтастық және ғылыми зерттеулер бағытында бірлескен білім беру жобаларын іске асыруға ниетті.
Аталған келісім екі университет арасындағы институционалдық серіктестікті нығайтып, халықаралық академиялық ықпалдастықты тереңдетуге және білім мен ғылым саласындағы бірлескен бастамаларды ілгерілетуге бағытталған.