Ualikhanov University Eurasian Silver Forum алаңында
2025 жылғы 15 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Eurasian Silver Forum: Белсенді ұзақ өмір сүру және білім беру 50+» форумы өтті. Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Үшінші жас университеттердің халықаралық қауымдастығының (IAUTA) президенті - профессор Франсуа Веллас, IAUTA басқарма мүшесі - профессор Янка Себера Хладечка және қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.Ualikhanov University ректоры, Қазақстандық Күміс университеттер қауымдастығының (ҚКУҚ) президенті Сырлыбаев М.Қ. форум қатысушыларына Ualikhanov University Күміс университетінің атынан ізгі лебізін жолдады. Сондай-ақ университет проректоры Жакупова А.Д. «Ualikhanov University Күміс университетіне – 5 жыл» тақырыбында баяндама жасады. Форум аясында IAUTA мен қазақстандық бірқатар жоғары оқу орындары арасында меморандумдарға қол қойылды.Ualikhanov University елімізде алғашқылардың бірі болып Күміс университетін (Үшінші жас университет) ашты және бүгінде халықаралық IAUTA қауымдастығының мүшесі болып табылады. Университеттің бастамасымен 2025 жылы Қазақстандық Күміс университеттер қауымдастығы құрылып, ол бүгінде еліміздің 11 жоғары оқу орнын біріктіріп отыр. Форум ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және аталған қауымдастықты халықаралық деңгейге шығуына серпін берген маңызды алаң болды.