Бүгін Ualikhanov University алаңында ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласында студенттердің құзыреттерін дамытуға бағытталған кең ауқымды білім беру жобасы басталды. Бұл бастама Инновациялық технологиялар паркі (Astana Hub) және өңірлік AqmolaHub филиалының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – университет студенттерін IT және AI стартаптарын әзірлеу процесіне тарту, сондай-ақ оларды «StartUpProject» және «AI-Sana» ұлттық инновациялық бағдарламаларына қатысуға ынталандыру.
Жоба төрт кезеңнен тұрады: AI SANA IdeaThon, Pitch Day, стартап-интенсив (бизнес-инкубатор) және қорытынды Demo Day. Бағдарлама аясында студенттер идеяны қалыптастырудан бастап дайын прототипті сарапшылар алқасының алдында қорғауға дейінгі барлық негізгі кезеңдерді өтеді.
IdeaThon ашылуында шабыттандыратын құттықтау сөздерімен университеттің ғылыми жұмыс және өңірмен өзара әрекеттесу жөніндегі проректоры Жакупова А.Д., Көкшетау қаласындағы Astana Hub филиалының директоры Айбашпанов Д.М., сондай-ақ интернационалдандыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректоры Сагындыкова Ж.О. сөз сөйледі.
Жобаның келесі кезеңі Pitch Day 2025 жылғы 18 қазанда өтеді. Ең үздік командалар қараша-желтоқсан айларында өтетін стартап-интенсив пен бизнес-инкубатор бағдарламасы аясында оқуларын жалғастырады.Оқыту барысында қатысушылар бизнес-модельдеудің, IT-әзірлеудің, MVP жасаудың және инвесторлар алдында кәсіби презентациялар дайындаудың негіздерін меңгереді.Жобаның соңғы кезеңі Demo Day-де үздік студенттік командалар өз жобаларын сарапшылар, трекерлер және инвесторлар алдында таныстырады. Қорытынды бойынша жеңімпаз командалар қаржыландыру мүмкіндігіне ие болып, AI-Sana, Astana Hub Battle, Digital Bridge және басқа да инновациялық қолдау бағдарламаларына қатысуға жолдама алады.
Бұл бастама студенттерде жобалық және стартап-ойлау дағдыларын дамытуға, цифрлық технологияларға деген қызығушылықтарын арттыруға және IT және AI салаларындағы жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.