2025 жылғы 3 қазан күні университетте әлемдік медицина қауымдастығының өкілдері жиналды. Олардың қатарында: Prof. Cheng-Har Yip (Малайзия) - хирург, сүт безі қатерлі ісігі саласындағы әлемдік деңгейдегі маман; Prof. Yu-Lin Qiao (Қытай, Chinese Academy of Medical Sciences) - APOCP (Asian Pacific Organization for Cancer Prevention) атқарушы комитетінің мүшесі; Prof. A. Mosavi Jarrahi (Иран) - эпидемиолог, Asian Pacific Journal of Cancer Prevention журналының бас редакторы; Prof. Nirmala Bhoo Pathy (Малайзия) - онкология саласының сарапшысы; Prof. Chen Chien Chun (Тайвань); Dr. Maria Pramila D’Costa (Оман, Oman College of Health Sciences); Маматов Ниязбек Нурланбекович - медицина ғылымдарының кандидаты, И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясының ғылыми және емдік жұмыс жөніндегі проректоры (Қырғыз Республикасы); Ермек Нариман Ермекұлы - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы; Молдагали Рустем Салькиұлы - Көкшетау жоғарғы медициналық колледжінің директоры; Браун Виктор Викторович (Астана қ.) - Адам қауіпсіздігі институтының директоры.
Кездесу Жакупова А.Д., ғылыми жұмыс және аймақпен өзара әрекеттесу жөніндегі проректор, Игисин Н.С., медицина ғылымдарының докторы, профессор, өмір және денсаулық ғылымдары зерттеу Институтының директоры және Рахымжанов Е.А., халықаралық бөлімнің басшысы жетекшілігімен өтті.
Кездесу барысында қатысушылар университеттің миссиясы, стратегиясы және даму басымдықтарымен танысып, әсіресе медициналық зерттеулер мен денсаулық сақтау саласындағы перспективаларға ерекше назар аударды.
Дискуссия барысында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және академиялық байланыстарды нығайтуға ерекше мән берілді.
Кездесудің қорытындысы ретінде онкологиялық зерттеулерді дамытуға және жаңа буын мамандарды даярлауға ықпал ететін бірлескен бастамаларды жоспарлау белгіленді.