Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы басқармасы "Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік олимпиада" өткізілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы басқармасы "Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік олимпиада" өткізілді.
Іс-шараға түрлі жоғары оқу орындарынан 20-дан астам студенттік команда қатысты. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің заң факультетінің командасы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, сенімді түрде бірінші орынды иеленді.
Бұл жетістік студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының ерен еңбегінің жемісі болды. Университет басшылығы мен оқытушылары жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістіктеріне мақтаныш сезімін білдіреді.
Біздің ұжымды құттықтаймыз және алдағы уақытта да жетістіктер тілейміз!