Ualikhanov University профессоры, медицина ғылымдарының докторы Нұрбек Сағынбекұлы Игісін Nazarbayev University профессоры Абдужаппар Эркинович Гаиповтың жетекшілігімен өткізілген Қазақстандағы бауыр обырының эпидемиологиясы бойынша зерттеуіне қатысып, бірлесіп жұмыс жасады.
Зерттеу 10 455 пациентті қамтиды және обыр салдарынан аурушаңдық пен өлім-жітімнің өсуін, аймақтық айырмашылықтарды және тәуекел факторларын (жас, жыныс, бауыр циррозы, ауылдық жерлерде тұру) анықтады.
Бұл зерттеу нәтижелері Ақмола облысы үшін тәжірибелік маңызға ие. Ол обыр ауруының алдын алу, скрининг, пациенттерді бағыттау шараларын жоспарлауға және онкологиялық өлім-жітімді азайтуға арналған арнайы бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Отандық ғалымдардың PLOS ONE журналында жариялануы олардың ғылыми деңгейінің жоғары екенін растайды және ұлттық және өңірлік ғылымның интеграциясының маңызды екенін көрсетеді.
Зерттеуге сілтеме: https://doi.org/10.1371/journal.pone.0330423