2025 жылғы 11 қыркүйекте Бизнес және құқық жоғары мектебінде «Құқық клиникасының» салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында Ақмола облысының Адвокаттар алқасымен, Нотариаттық палатасымен, Заң консультанттары палатасымен, Сот сараптамалары институтымен және Жеке сот орындаушылары палатасымен ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.«Құқық клиникасы» – құқықтық білім сапасын арттырудағы маңызды қадам. Ол студенттердің кәсіби құзыреттерін нығайтуға бағытталған, нақты кейстер арқылы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын алаңға айналады. Сонымен қатар, студенттер тәжірибелі заңгерлермен бірлесе отырып азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсететін болады.Жоба тәжірибеге бағытталған оқытуды дамытуға және қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға елеулі үлес қосуға бағытталған.