Интернатура студенттерінің облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен кездесуі өтті

2025 жылғы 9 қыркүйекте Ualikhanov University Жоғары медицина мектебінің 6 курс интерндері Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермекұлымен кездесті.Кездесу барысында студенттер өзекті сұрақтарын қойып, болашақтағы кәсіби бағыттары туралы пікір алмасты. Нариман Ермекұлы интерндердің әрбір сауалына ерекше назар аударып, жан-жақты түсініктеме берді. Интерндер мұндай ашық форматтағы кездесулердің болашақ дәрігерлер үшін маңызды тақырыптарды тікелей талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.Студенттер Нариман Ермекұлына ашық диалог өткізгені үшін, оларға көрсеткен қамқорлығы мен жас дәрігерлерді қолдағаны үшін алғыс білдіреді!