2025 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15:00-де Жоғары медицина мектебінің студенттік кеңесінің отырысы өтті. Оған 1–5 курс студенттері, жалпы саны 37 адам қатысты.
Отырыс барысында ОМР-211 тобының 5 курс студенті Борисова Дарьяның төрағалық кезеңінде атқарылған жұмыстары туралы есеп тыңдалды. Сонымен қатар, «QAZ MED JASTARY» еріктілер қозғалысы жетекшісінің өкілеттігін МедР-231 тобының 3 курс студенті Нұғұманова Айзаға беру рәсімі өтті.
23.09.2025 ж. № 17 хаттамаға сәйкес, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап Студенттік кеңес төрағасының міндеттерін МедК-241 тобының 2 курс студенті Мұқажан Аружан қабылдайды. 23.09.2025 ж. № 18 хаттамаға сәйкес, «QAZ MED JASTARY» еріктілер қозғалысының жаңа жетекшісі болып МедК-252 тобының 1 курс студенті Димухаметова Кенжегүл (жеделдетілген бағдарлама) тағайындалды.
Отырыс күн тәртібінің жеке тармағы бойынша «Зияткер» пікірсайыс клубының президенті, ОМК-212 тобының 5 курс студенті Тайлақов Жандос атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады.
Белсенді қызметі мен студенттік өмірді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ризашылық белгісі ретінде Ш. Уәлиханов атындағы Университет ректорының атынан Жоғары медицина мектебінің мына студенттеріне Алғыс хаттар, сондай-ақ Ualikhanov University логотипі бар футболкалар мен кепкалар табысталды:
Жоғары медицина мектебінің әкімшілігі барлық белсенділерге бастамашылдығы мен кәсібилігі үшін алғыс білдіреді, ал Студенттік кеңестің және «QAZ MED JASTARY» еріктілер қозғалысының жаңа жетекшілеріне жоспарланған жобаларды табысты іске асыруға, зор күш-жігерге және одан әрі жетістіктерге жетуге тілектес.