«Элит» оқу-ғылыми-өндірістік кешені студенттерге, магистранттарға, докторанттарға оқу және өндірістік тағылымдамадан өтуге және далалық ғылыми тәжірибелер жүргізуге арналған. Кешенде 363 гектар ауыл шаруашылығы жерлері мен ауыл шаруашылығы техникалары бар. Пестицидтердің биологиялық және экономикалық тиімділігін бағалау үшін жыл сайын тіркеу сынақтары (ұсақ мөлдекті учаске және өндірістік) жүргізіледі. Украиналық шетел ғалымымен бірлесе отырып, күнбағыс және майлы зығырдың жаңа сорттары экологиялық сынақтан өткізілуде.