Қауымдастырылған профессор, профессор
1985-1992 жылдары Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі - ғалым агроном
Егіншілік
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі
Ауылшаруашылық ғылымдары
1992–1999 жылдары – Жамбыл облысы Луговой ауданы «№97 Жылқы заводы» совхозының агрономы2001–2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманы, бас маманы, топырақ құнарлығы және химияландыру бөлімінің бастығы2007–2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ Ауыл шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын және механикаландыруды ғылыми қамтамасыз ету департаментінің менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары2012-2016 жылдары - Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институтының директоры2017 жылдың қараша айынан бастап С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық-экономикалық институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институтының «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Солтүстік Қазақстанның шоқылы-жазық аймағында тауарлық және шаруашылық ішілік тұқым шаруашылығы үшін көпжылдық шөптердің тұқымдарын өндірудің энергия үнемдейтін және үнемді сорттық технологиясын әзірлеу» жобасының жетекшісі.
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Солтүстік Қазақстанның далалық аймағында шабындықтар мен жайылымдарды құру мен жақсартудың және оларды ұтымды пайдаланудың ресурс үнемдеу әдістерін әзірлеу» жобасының жетекшісі.
2006 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Мамандығы бойынша үздік» Құрмет грамотасы2010 ж. – «ҚазАгроИнновация» АҚ Құрмет грамотасы2011 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы
40-тан астам ғылыми еңбектері жарық көрді.