Корпоративтік оқиғалар
Директорлар кеңесінің 11.04.2025 жылғы шешімімен (№ 4 хаттама) «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің, стратегия, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамына өзгерістер енгізілді:
Аудит жөніндегі комитет:
- Әбішева Айдана Мақсұтқызы – Комитет төрағасы, тәуелсіз директор
- Қалабаев Найман Бөбейұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор
- Толкынбаев Темірхан Анапияұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор
Стратегия, кадрлар және сыйақылар комитеті:
- Толкынбаев Темірхан Анапияұлы – Комитет төрағасы, тәуелсіз директор
- Қалабаев Найман Бөбейұлы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор
- Әбішева Айдана Мақсұтқызы – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор
- Сырлыбаев Марат Қәдірұлы – Комитет мүшесі, Басқарма төрағасы
Жалғыз акционердің 2025 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 18-ж/қ бұйрығы) Нұрлан Әмірұлы Медетов «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі - проректоры лауазымынан босатылсын. Негіздеме: Н.Ә. Медетовтың өтініші.
Жалғыз акционердің 2025 жылғы 19 наурыздағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 127 бұйрығы) «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Үздіксіз және қосымша білім беру орталығының басшысы Темірхан Анапияұлы Толқынбаев Қоғамның директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланды.
Директорлар кеңесінің 26.02.2025 жылғы шешімімен (№ 2 хаттама) Ж.О. Сағындықованың декреттік демалысы кезінде Интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі басқарма мүшесі-проректор міндетін атқару тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасының меңгерушісі А.С. Құрманбаеваға жүктелді.
"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ директорлар кеңесінің 25.12.2024 жылғы шешімімен (№ 14 хаттама) "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ-ның 2025-2029 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді (идентификатор 14-960840000681-2025-001).
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 570 бұйрығы «Шокан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің мүшесі Дана Жамбылқызы Каленованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Қоғамның директорлар кеңесінің құрамына Тоқтыбаев Ернар Дүйсенбекұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті директоры сайланды.
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 543 бұйрығы) "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ директорлар кеңесінің 29.11.2024 жылғы шешімімен (№13 хаттама) "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған (2024 жылғы 2 жартыжылдық) даму жоспарын нақтылау бекітілді (идентификатор 14-960840000681-2020-014).
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 8 тамыздағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 398 бұйрығы) "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті"КЕАҚ корпоративтік басқару Кодексі бекітілді.
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 25 маусымдағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 314 бұйрығы "Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы) «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялык емес акционерлік қоғамының жарияланған акциялар саны номиналдық кұны 1000 (бір мын) теңгені құрайтын 15 638 (он бес мың алты жүз отыз сегіз) дана жай акцияны шығару арқылы ұлғайтылсын. Қоғамның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 596 870 (екі миллион бес жүз тоқсан алты мың сегіз жүз жетпіс) болып табылады.
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің 31.05.2024 жылғы шешімімен (№ 8 хаттама) 2023 жылғы "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ даму жоспарының орындалуы туралы есеп бекітілді.
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 29 мамырдағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 261 бұйрығы) «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ-ның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 17.04.2024 жылғы шешімімен (№ 6 хаттама):
- Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі Басқарма проректоры А.Д. Жақыпованың өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 24 сәуірден 2027 жылғы 24 сәуірге дейін 3 жыл мерзімге ұзартылды;
- Басқарманың интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор-мүшесі Жайлагүл Оралқызы Сағындықованың өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 8 маусымнан 2027 жылғы 8 маусымға дейін 3 жыл мерзімге ұзартылды.
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 8 сәуірдегі шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 153 бұйрығы) аудиторлық ұйым «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ 2023 жылғы жылдық қаржылық есебіне аудит жүргізу үшін "Tax Audit Бизнес" ЖШС компаниясын тағайындады.
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің 04.04.2024 ж. шешімімен (№ 4 хаттама) байқау нәтижесі бойынша «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ әлеуметтік-даму жөніндегі Басқарма мүшесі лауазымына Капышев Ардақ Қайыржанұлы сайланды.
Директорлар кеңесінің 01.02.2024 ж. шешімімен (№2 хаттама) «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ корпоративтік хатшысы Гүлнара Баянқызы Турткараеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы болып Гульнара Тагировна Фаткиева тағайындалды.
Директорлар кеңесінің 31.01.2024 ж. шешімімен (№1 хаттама) «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ комитеттері бекітілді: Аудит жөніндегі комитет, Стратегия, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет.Стратегия, кадрлар және сыйақылар комитетінің құрамы сайланды – Каленова Д.Ж. (төраға), Қалабаев Н.Б., Әбішева А.М., Сырлыбаев М.К.
Директорлар кеңесінің 15.09.2023 ж. шешімімен (№10 хаттама) комитеттер құрамына сайланды:Стратегиялық жоспарлау комитеті:Каленова Д. Ж., Сырлыбаев М. К., Ахметжанова А.А. – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның вице-президенті; Аудит жөніндегі Комитет: Әбішева А. М., Қалабаев Н.Б., Жайжуманова Ә.А.; Кадрлар жөніндегі комитет: Қалабаев Н.Б., Каленова Д.Ж., Әбішева А.М.
Директорлар кеңесінің 08.09.2023 ж. шешімімен (№9 хаттама) «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Найман Бөбейұлы Қалабаев сайланды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 452 бұйрығымен «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды:
- Қалабаев Найман Бөбейұлы – Қазақ-Американдық Еркін университеті президентінің кеңесшісі, тәуелсіз директор;
- Каленова Дана Жамбылқызы – ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры;
- Жайжуманова Әсемгүл Абайқызы – ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы;
- Сырлыбаев Марат Қадырұлы – «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректоры;
- Әбішева Айдана Мақсұтқызы – ERG тобының Қазынашылықты бақылау бөлімі бастығының орынбасары, тәуелсіз директор.
Директорлар кеңесі мүшесінің өз бастамасы бойынша «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022.09.23 № 71 бұйрығына сәйкес «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Жарғысына өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 15.09.2022 ж. №5-08-3/59-и бұйрығымен Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын беру туралы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.06.2022 ж. №67 бұйрығымен Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі болып Медетов Нұрлан Әмірұлы тағайындалды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 112 бұйрығымен "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына: Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы – Point ltd компаниясының жоғары білім беру саласындағы сарапшысы Сәрсембаев Айдос Айдарұлы – Машиналық оқыту саласындағы инженер (Machine Learning), тәуелсіз директор болып сайланды.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» ҚР БҒМ 1011.04.19 № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Директорлар кеңесінің 26.05.2021 ж. шешімімен (№9 хаттама) "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар және сыйақылар жөніндегі Комитеті мен стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына өзгерістер енгізілді: Жайжұманова Әсемгүл Абайқызы кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамына енгізілді Сырлыбаев Марат Қадырұлы кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамынан шығарылды Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына енгізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.04.2021 жылғы № 183 бұйрығымен "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді: Директорлар кеңесінің құрамынан: Тойбаев Амангельды Сагынбаевич – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды: Жайжуманова Асемгуль Абаевна – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы (келісім бойынша).
Директорлар кеңесінің 23.04.2021 ж. шешімімен (№8 хаттама) конкурс нәтижесі бойынша "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Басқарма мүшелері лауазымына сайланды: Жакупова Айгуль Досжановна – ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарма мүшесі лауазымына Сагындыкова Жайлагуль Ораловна – интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі басқарма мүшесі лауазымына Байтук Галым Симбекович – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі басқарма мүшесі лауазымына
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19.04.2021 ж. №172 бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару Кодексі бекітілді
Директорлар кеңесінің 11.02.2021 ж. шешімімен (№4 хаттама) Директорлар кеңесінің құрылымында комитеттер құрылып, олардың құрамы сайланды. Стратегиялық жоспарлау комитеті: Төрағасы – Нарбекова Б.М.; Мүшелері: Жусупов Б.А. Аудит жөніндегі комитет: Төрағасы: Абишева А.М. Мүшелері: Тойкебаева Б.Ж., Алтаев С.Т. Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет: Төрағасы: Тойкебаева Б.Ж. Мүшелері: Жусупов Б.А., Сырлыбаев М.К.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 01.02.2021 жылғы № 11-ЖҚ бұйрығымен басқарма төрағасы – "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ ректоры болып Сырлыбаев Марат Кәдірұлы құжаттарға бірінші қол қою құқығымен тағайындалды
Директорлар кеңесінің 08.01.2021 ж. шешіміне (№3 хаттама) сәйкес "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысының міндеттері Стратегиялық жоспарлау, аккредиттеу және сапа менеджменті департаментінің басшысы Гүлнар Баянқызы Турткараеваға жүктелген
- Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес (№2 хаттама) "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті"КЕАҚ Басқарма Төрағасы - ректоры лауазымына конкурс жарияланды
- Директорлар кеңесінің 02.10.2020 ж. шешіміне (№1 хаттама) сәйкес "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті"КЕАҚ ұйымдық құрылымы мен штат саны бекітілді
- Директорлар Кеңесінің шешіміне (№1 хаттама) сәйкес "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысының міндеттері Заң бөлімінің басшысы Баядилов Медет Айдаркешовичке жүктелген
- Директорлар Кеңесінің шешіміне (№1 хаттама) сәйкес "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Мукатаевна Нарбекова сайланды
- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті "КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар: "Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 408 бұйрығымен 6 (алты) мүшеден тұратын "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы белгіленді.
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті "КЕАҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің" Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті "коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркегені туралы хабарлайды, ол туралы 28.07.2020 ж. № KZ75VGZ00000300 Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілді, шығарылым 2 581 232 (екі миллион бес жүз сексен бір мың екі жүз отыз екі) жай акцияларға бөлінді, оларға халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) берілді. KZ1C00013945. Бір акцияның номиналдық құны 1 000 (бір мың) теңге.
- ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы" Қаулысы, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының бұйрығы негізінде (бұдан әрі — 2020 жылғы 27 мамырдағы№ 319 "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті"коммерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруды аяқтады.