Білім беру бағдарламасының шифры

8D02301
Оқыту тілі

Қазақ
Оқу деңгейі

Докторантура
Оқу ұзақтығы

3 жыл

  • Академиялық хат
  • Ғылыми зерттеу әдістері

  • Қазіргі әлемдік әдеби үдеріс
  • Көркем антропология және шартты метафоралық проза
  • XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басындағы қазақ филологиясының ғылыми басымдықтары
  • Қазақ филологиясы және инновациялық технологиялар
  • Аймақтық ономастиканың когнитивтік негізі

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Филологиялық білім эволюциясындағы ғылыми парадигмалардың трансформациялануы саралайды, ғылыми лингвистикалық мектептер дамуының негізгі кезеңдерін сипаттайды, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады;
  • Әлемдік және Қазақстандық филология ғылымының қазіргі жағдайы, даму тенденциялары мен ғылыми бағыттарын сыни тұрғыдан бағалап, талдау жасайды, жаңа идеяларды ғылыми-зерттеу жұмысында ұсынады.
  • Ақпараттық кеңістіктегі қажетті теориялық мәліметті пайдаланып, тарихи, типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде түп нұсқадағы әдебиеттерді талдап, еркін жұмыс істейді, өзіндік ғылыми көзқарасын нақты деректер негізінде қорғайды.
  • Жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы біліміне сүйеніп, тілдік қатынастардың әлеуметтік-мәдени шарттары, салыстырмалы лингвомәдениеттаным мәселелерін талдайды, жинақтаған білімін интеграциялайды.
  • Ғылыми таным кеңістігіндегі әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелерін қарастырады, талдайды, ғылыми зерттеу жүргізеді, зерттеу нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялайды.
  • Педагогтың кәсіби тұлғалық қасиетін жетілдіру мақсатында жоғары мектептегі оқу үдерісінің негізгі формаларын ұйымдастырады және жоспарлайды, оқыту жүйесіне тілді зерттеудің жаңа бағыттарының ықпалын бағалайды.
  • Ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен әдістемесін меңгеру арқылы заманауи ғылыми-әдістемелік деңгейде оқу материалының мазмұнын жобалайды, мектеп және ЖОО- да жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнының аясында критериалды бағалау өлшемдерін қолдана отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырады және басқарады.
  • Ғылыми ортада іргелі және қолданбалы отандық, халықаралық жобаларға қатысады, халықаралық әдеби байланыстарды жоспарлайды, заманауи ақпараттық инновациялық технологияларды қолданады, ғылыми шетелдік тағлымдамада тәжірибе жинақтайды.
  • Әлемдік әдеби процестің даму тенденцияларына қатысты ғылыми-зерттеушілік және талдау жұмыстарын нөлдік емес халықаралық сілтемелер базасындағы Thomson Reuters, Scopus импакт-факторлы журналдарда, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын басылымдарда, халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі ғылыми конференцияларда мақала түрінде жариялайды, академиялық адалдық әдебінің нормаларын ұстанады.
  • Еңбек нарығының сұранысына сәйкес, ашықтық, толеранттылық, ізгілік қасиеттерін иеленген көшбасшы, ғылыми зерттеуші және жоғары оқу орнында арнайы пәндердің оқытушысы даярланады