Қоғамдық денсаулық сақтау, менеджмент, денсаулық сақтаудағы сапа мен тәуекелдерді басқару саласында арнайы білімі мен дағдылары бар, қазіргі заманғы менеджменттің инновациялық бағыттарын ілгерілетуге және халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту жөніндегі медициналық-әлеуметтік іс-шараларды әзірлеуге қабілетті жоғары білікті бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау мамандарын даярлау.
6В10102 "Қоғамдық денсаулық" білім беру бағдарламасының миссиясы - " заманауи ғылыми жетістіктерден шабыттана отырып, болашақ көшбасшыларын қалыптастырамыз! Біздің бағдарлама озық технологияларды, заманауи ғылыми зерттеулердің жетістіктерін қолдана отырып, халықтың денсаулығы мен санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығының өзекті жаһандық проблемаларын шешу үшін біліммен және дағдылармен жарақтандырылған дарынды және креативті мамандарды дамытуға бағытталған".
Білім беру бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесінде сапа бойынша арнайы білімі мен дағдылары бар білікті мамандарды, практикалық денсаулық сақтау үшін сарапшыларды: МСАК, аурухана ұйымдарын және түрлі мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерді ұйымдастырып дайындауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесі стратегиялық менеджмент және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы мен тәуекелдерін басқару саласында әртүрлі деңгейдегі даярланған кадрларға мұқтаж.