2025 жылдың 4–5 маусымы аралығында “Орталық Азияның білім беру және жұмыспен қамту секторларындағы экологиялық мәселелер, әлеуметтік қажеттіліктер және тиімді басқару арасындағы байланысты нығайту - ESGCA” атты Еуропалық жобаның жергілікті үйлестірушісі Утегенова Жұлдыз Сайранқызы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен семинарға қатысты.
Семинар барысында ол университеттің профессор-оқытушылар құрамына ESGCA жобасының негізгі мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, бастаманың жүзеге асырылу кезеңдері мен жоспарланған іс-шаралары жөнінде толық ақпарат берілді.
Семинарға қатысушылар:
- Медицина жоғары мектебі
- Бизнес және құқық жоғары мектебі
- Педагогикалық институт
- Агротехникалық институт
Семинарға барлығы 178 адам қатысты. Бұл университеттің оқытушылар құрамының тұрақты даму, тиімді басқару және экологиялық әрі әлеуметтік басымдықтарды білім беру процесіне интеграциялау мәселелеріне ерекше қызығушылығын көрсетеді.