18 қарашада Ualikhanov University-де «Қазақстандағы психологиялық және педагогикалық қолдау қызметтерін дамытудың үрдістері мен перспективалары: теорияны тәжірибеге біріктіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Іс-шараны университеттің Педагогикалық институты, Педагогика, психология және жас ерекшеліктерін дамыту кафедрасы және Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы бірлесіп ұйымдастырады.