«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы, 2024 жылғы 28 наурызда «Ғылым және білім – ұлттың зияткерлік әлеуеті» атты Республикалық (халықаралық қатысумен) педагогикалық форумын өткізеді.

Педагогикалық форум – бұл Ualikhanov University базасында өткізілетін және өңірдің білім беру кеңістігінің барлық қатысушылары үшін диалог алаңы болып табылатын педагог қызметкерлерге арналған кәсіби іс-шара.